«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешімі (2025.19.05. берілген өзгерістермен)

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 9-4 шешімі

(2025.19.05. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бекітілсін.

2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024.31.05. № 17-3 шешімімен алып тасталды (2024 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024.24.12. № 22-4 шешімімен алып тасталды (2025 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы

Е. Жакенов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.